Ең көп хадис риуаят еткен сахабалар кімдер?
Ең көп хадис риуаят еткен сахабалар кімдер?
2 ай бұрын 3709

Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтыс болғанда сахабалардың саны шамамен 114 000 мың еді десек, олардың ішінде тек 1000-1500 шақтысы ғана хадис риуаят еткен екен. Бұларды риуаят еткен хадистерінің санына қарай кейінгі хадис ғалымдары: «Муқиллун» және «муксирун» деп бөлген. ("Аз хадис жеткізгендер" және "көп хадис жеткізгендер").

«Муқиллун» санатына – 1000 хадистен төмен хадис риуаят еткен сахабалар жатады. Кей ғалымдар мұны 700 хадиспен шектейді. Олай болған жағдайда, 700 хадистен аз риуаят еткен сахаба муқиллундар қатарынан.

«Муксирун» қатарына – 1000 хадистен астам хадис риуаят еткен сахабалар жатады. Кей хадис мамандары мұны 700 санынан бастаса, кей ғалымдар 1500 санын негізге алған. Осыған орай, кей деректерде ең көп хадис риуаят еткен сахабалардың саны «алты» деп көрсетілсе, кей деректерде «жеті», ал кей мәліметтерде 9 деп айтылады.

Ең көп хадис риуаят еткен сахабалар кімдер?

«Муксирун» категориясына жататындарды 700 хадистен бастап есептейтін болсақ, ең көп хадис риуаят еткен сахабалардың саны тоғыз. Олардың есімдері төмендегідей:  

  1. Сахаба Әбу Һурайра (Абдуррахман ибн Сахр әд-Дәуси р.а.). Риуаят еткен хадистер саны: 5374 хадис.
  2. Абдулла ибн Омар (Әзіреті Омардың ұлы). Риуаят еткен хадистер саны: 2630 хадис.
  3. Әнәс ибн Мәлик. Риуаят еткен хадистер саны: 2286 хадис.
  4. Мүміндердің анасы Айша р.а. (Әбу Бәкірдің қызы, Пайғамбарымыздың жұбайы). Риуаят еткен хадистер саны: 2210 хадис. (Имам Ахметтің «Мүснәдінда»  2403 хадис делінген).
  5. Абдулла ибн Аббас (р.а.). Риуаят еткен хадистер саны: 1660 хадис. (Имам Ахметтің «Мүснәдінда»  1696 хадис делінген).
  6. Жәбір ибн Абдулла (р.а.). Риуаят еткен хадистер саны: 1540 хадис.
  7. Әбу Сәъид әл-Худри (р.а.). Риуаят еткен хадистер саны: 1170 хадис.
  8. Абдулла ибн Мәсъуд (р.а.). Риуаят еткен хадистер саны: 848-892 хадис аралығында.
  9. Абдулла ибн Әмір ибн Ас (р.а.). Риуаят еткен хадистер саны: 700-722 хадис аралығында[1].

islam.kz/


[1] https://www.islamveihsan.com ;  www.alukah.net

0 пікір