Кім осы он аятқа амал жасаса, пейішке кіреді!
Кім осы он аятқа амал жасаса, пейішке кіреді!
2 ай бұрын 5784
Нұғман Тұрғын

Әзіреті Омар ибн Хаттабтан (р.а.) жеткен риуаятта, ардақты сахаба былай деп әңгімелейді:  

"Алла елшісіне (с.а.у.) уахи түскен сәтте Одан араның ызылы іспетті ызылдаған дауыс естілетін. (Сондай сәттін бірінде) Біз қасында бір мезгіл күтіп тұрдық. (Кейін) Ол кісі қолын көтеріп былай деп дұға жасады:

اَللّٰهُمَّ زِدْنَا وَلَا تَنْقُصْنَا وَاَكْرِمْنَا وَلَا تُهِنَّا وَاَعْطِنَا وَلَا تَحْرِمْنَا وَاٰثِرْنَا وَلَا تُؤْثِرْ عَلَيْنَا وَارْضَ عَنَّا وَارْضِنَا

(Мағынасы: «Аллахым! Бізге арттыра гөр, бізден кемітпе. Бізге жақсылығынды сыйла, бізді қор қылма. Бізге бер, бізді махрұм етпе. Бізді артық көр, өзгелерді бізден артық көрме (бізді өзгелерден төмен көрме). Бізден разы бол және бізді де разы болатындай ет!»).

Аталмыш дұғаны оқығаннан кейін Алла елшісі мынаны білдірді:

«Маған он аят түсірілді. Кімде-кім сол он аятты амалға асырса, пейішке кіреді», - деді де Ол (с.а.у.) («Му'минун» сүресінің алғашқы он) аятын оқыды: «Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар сондай – намаздарында іштей жалбарынып тұрады...»[1], - деп Әзіреті Омар әңгімесін аяқтады.

Пайғамбарымыздың (ғалейһиссаләту уә сәлләм) сүйіншілеген «Му'минун» сүресінің алғашқы он аяты төмендегідей:

  1. Шынында иман еткендер құтылды.
  2. Олар сондай – намаздарында іштей жалбарынып тұрады.
  3. Олар – бос нәрселерден аулақ жүреді.
  4. Олар – зекетін береді.
  5. Олар – әурет жерлерін сақтайды (яғни, зина жасамайды).
  6. Тек, жұбайлары немесе меншіктегі күңдері болса, оларға сөгіс жоқ.
  7. Ал кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар – шектен шығушылар.
  8. Және олар (құтылған мүміндер) – аманаттарына және уәделеріне берік.
  9. Олар – намаздарына ұқыпты.
  10. Міне осылар – (пейішке) мұрагер!

 islam.kz


[1] Әл-Хәким: «әл-Мүстәдрак». №3530. Иснады сахих хадис.

0 пікір