Ұзындығы 170 км, ал ені 200 метр болатын қала (Фото)
Ұзындығы 170 км, ал ені 200 метр болатын қала (Фото)
2 жыл бұрын 3241

Сауд Арабиясы Қызыл теңіз жағалауында ұзындығы 170 шақырым болатын «THE LINE» сипатында қала тұрғызуды жоспарлап отыр. Қаланың ені бар жоғы 200 метр, биіктігі 500 метр, ал ұзындығы 170 шақырымды құрайтын болады дейді.

Болашақтың мегаполисін соғу идеясын тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл-Сауд ұсынды. Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру «қалаларда тұрып жатқан адамдардың қазіргі кездегі проблемаларын шешіп, адамзат үшін балама өмір сүру жолдарын жаратуға шабыт беретін жобалардың біріне айналмақ».  

Жоспарға сәйкес, қаланың екі жағында – бір-бірімен байланысты екі айна блогы болады. Қаланың бір шетінен екінші шетіне темір жол арқылы жетуге болады, ал улы газдар шығаратын болғандықтан автокөлік қозғалысын пайдаланудан бас тарту ойластырылған.

Қала 9 миллион тұрғынға шақталады деседі.  Ішінде тамаша климат сақталады. Өмірге қажетті барлық нысандар жаяу 5 минуттық жерде орналасады, ал қаланың екінші шетіне жүрдек пойызбен 20 минутта ғана жетуге болады.

Қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін мегаполюстың ішінде бақшалар жасалып, шаруа қожалықтары құрылады. Энергияны табиғи рессурстардан алу жоспарлануда. Мысалы: күн сәулесі, судың ағысы, жел т.б.

«Mirror Line» деген атауды алып үлгерген кешеннің көрікті жері стадион болмақ – ол жерден 300 метр биіктікте салынады.

Сауд Арабиясы ауқымды жобаға триллион доллар жұмсауға дайын. Алайда бұл сома жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан, Эр-Рияд шетелдік инвесторларды тартады деп күтілуде.

Аударып, дайындаған: islam.kz 


Дереккөздер:
1. aif ru
2. Фото: Арабский язык онлайн – vk com/enjoyarabic

0 пікір