Төрт жағдайда оқылатын төрт түрлі дұға
Төрт жағдайда оқылатын төрт түрлі дұға
2 ай бұрын 1435

 

1).Қайғы-ғам, күйзеліс кернегенде оқылатын дұға.

«Лә иләһә иллә әнтә сүбхәнәкә инний күнту миназ-золимин». Осы дұғаны Юнус пайғамбар оқыған кезде Алла оның дұғасын қабыл етіп, оны қайғыдан құтқарған. 

2). Зиян шеккенде немесе ауру-сырқауға тап болғанда яки қатерге ұшырағанда оқылатын дұға.

«Раббий, инний мәссәнияд-дур-ру уә әнтә әрхәмур-рахимин». Әйюб пайғамбар осы дұғаны оқығаннан кейін, Алла Тағала дұғасын қабыл етіп, одан зияндықты кетірген еді.  

3). Қорыққанда, сескенгенде оқылатын дұға.

«Хасбияллаһу уә ниъмәль уәкил!». 

4). Қиянат немесе біреудің тұзағынан, қулығынан сескенде оқылатын дұға.

«Уфәууиду әмрий иләл-ллаһ. Уәллаһу бәсыйрум биль-ъибәд». Перғауынның заманында бір иман еткен мұсылман перғауынның зардабына қарсы осы дұғаны оқығанда, Алла Тағала оны перғауынның және оның жендеттерінің қиянатынан сақтап қалған. 

0 пікір