Пі­тір са­да­қа - дененің зекеті
Пі­тір са­да­қа - дененің зекеті
9 жыл бұрын 3813

Пі­тір сө­зі (араб ті­лін­де) «жа­ра­ты­лыс» де­ген ма­ғы­на­ны біл­дір­ген­дік­тен, кей­бір ғұ­ла­ма­лар пі­тір са­да­қа­сын «де­не­нің зе­ке­ті» деп ата­ған.

Пі­тір са­да­қа­сы күн­де­лік­ті қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс, кем де­ген­де, ни­сап мөл­ше­рін­де­гі (85 г. ал­тын не­ме­се құ­ны­на тең) бай­лық­қа ие адам­ға уә­жіп са­да­қа.

Пі­тір са­да­қа­сы һиж­рет­тің екін­ші жы­лы, Ра­ма­зан ора­за­сы па­рыз етіл­ген жы­лы уә­жіп етіл­ді.

Пі­тір са­да­қа­сы Ора­за айт кү­ні таң аты­сы­мен уә­жіп бол­ға­ны­мен, бір­не­ше күн, тіп­ті бір­не­ше ай не­ме­се жыл бұ­рын бе­ру­ге де бо­ла­ды. Бұл са­да­қа­ның Ора­за айт на­ма­зы­на дейін бе­ріл­ге­ні дұ­рыс. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Осын­дай күн­де (айт мей­рам кү­ні) ке­дей­лер­ді қайыр са­да­қа ті­леуге мұқ­таж ет­пең­дер», – де­ген. Бүкіл ел қуа­нып, той­лай­тын мей­рам кү­нін­де пі­тір са­да­қа­ла­ры ар­қы­лы қа­жет­ті нәр­се­ле­рін алып, кедейлердің де жұрт қатарлы жадырауын ойла­ған Ис­лам ді­ні қан­дай ке­ре­мет дін!

Түрлі себептермен атал­мыш мер­зім­нен қан­ша ке­шік­ті­ріл­се де, пі­тір са­да­қа­сы мін­дет­ті түр­де бе­рі­луі тиіс.

Пі­тір са­да­қа­сын айт кү­ні таң аты­сы­мен бе­ру уә­жіп бол­ған­дық­тан, атал­мыш уа­қыт­тан бұ­рын дү­ние­ден өтіп кет­кен адам­дар үшін уә­жіп емес. Бі­рақ осы уа­қыт­тан кейін қайтса, ар­тын­да қал­ған туыс­та­ры қайт­қан адам­ның ма­лы­нан өтейді. Сол сияқ­ты таң ат­пай дү­ниеге кел­ген сә­би­ге пі­тір са­да­қа­сы уә­жіп. Ал, таң ат­қан­нан кейін туыл­ған ба­ла­ға уә­жіп емес.

Пі­тір са­да­қа­сы әр­бір ни­сап мөл­ше­рі­не ие азат мұ­сыл­ман үшін уә­жіп. Пі­тір са­да­қа­сы уә­жіп бол­ған мұ­сыл­ман ни­сап мөл­ше­рін­де байлы­ғы жоқ әйелі мен кіш­кен­тай ба­ла­ла­ры үшін де бе­ру­ге тиіс.

Бір адам­ның пі­тір са­да­қа­сы  бір мұқ­таж адам­ға бе­рі­ле­ді. Бі­рақ бір адам­ның пі­тір са­да­қа­сын бір­не­ше адам­ға бө­ліп бе­ру­ге бол­майды. Бір­не­ше адам­ның пі­тір са­да­қа­сын бі­рік­ті­ріп, тек қа­на бір мұқ­таж адам­ға бе­ру­ге бо­ла­ды.

 

Пі­тір са­да­қа қа­лай өте­ле­ді?

Пі­тір са­да­қа­ла­ры ең ал­ды­мен жер­гі­лік­ті жер­дің мұқ­таж ке­дейле­рі­не бе­рі­луі тиіс. Жер­гі­лік­ті жер­дің мұқ­таж кедейле­рі бо­ла тұ­ра, бас­қа жер­дің ке­дейле­рі­не бе­ру мәкрүһ.

 

Пі­тір са­да­қа­ның мөл­ше­рі

Пі­тір са­да­қа­сы мы­на төрт нәр­се­нің кез-кел­ген біреуі­нің өзі­нен не­ме­се құ­ны­нан бе­рі­ле­ді. Ке­дей­лер­дің кез-кел­ген қа­же­ті­не ың­ғайлы бол­ған­дық­тан құ­нын бе­ру  аб­зал.

1. Би­дай не­ме­се би­дай ұны­ның уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 1 кг 459 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

2. Ар­па не­ме­се ар­па ұны­ның уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 2кг 918 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

3. Құр­ға­тыл­ған жү­зім­нің уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 2кг 918 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

4. Құр­ға­тыл­ған құр­ма­ның уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 2кг 918 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

 

Құрметті оқырман! Жоғарыда көрсетілген пітір садақа ретінде берілетін бидай, арпа, мейіз, құрмалардың құны пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманында бір-біріне өте жақын еді. Ал қазір арпа мен бидайдікі тым арзан да мейіз бен құрманікі өте қымбат. Бұлардың бағасы тұрғылықты жерге қарай да өзгеріп отыратыны тағы бар. Сондықтан, пітір садақаның мөлшері ретінде бір кедейді таңертең және кешке тойдыруға жететіндей мөлшерді өлшем ретінде алған дұрысырақ. Бұған қоса, жоғарыда көрсетілген пітір мөлшері – ең төменгі көрсеткіш. Ал бұл көрсеткіштен артығымен беруге әбден болады.

0 пікір