-
Ақыл-ойды егінжай десек, әрбір ой сол жерді суарғанмен тең. Жақсы ой ексең — жайқалып бақ шығады, жаман ой ексең — тікенек қаптайды. Не ексең, соны орасың.
-
Адам мен адамды ерекшелейтін басты қасиет — оның дүниеге деген түзу көзқарасы.
-
Кейде бір шайқаста жол беру — үлкен соғыста қалай жеңіске жетудің әліппесін үйретеді.
-
Баршаға бірдей жағуға тырысу — өз тамырыңа балта шабумен тең.
-
Жетістіктің өзінен бұрын, оған деген ішкі құштарлық пен талпыныс маңыздырақ.
-
Көзіміз көріп жүрген ұлы істердің барлығы кезінде кіп-кішкентай ойдан басталған.
-
Кез келген істі бұдан да жақсырақ атқарудың жолы әрдайым табылады. Соны табу — парасатты жанның міндеті.
-
Әдемі сөйлегеннен көрі, жүйелі іс тындырған әлдеқайда артық.
-
Ең ұлы бәсеке — өзіңмен болған бәсеке. Кешегіден бүгін, бүгіннен ертең ілгері бассаң — нағыз даму сонда.
-
Сәтсіздік үшін өзгелерді немесе тағдырды кінәлау — өз тізгініңді басқаның қолына ұстату. Өз өміріңе өзің жауапты бол.
-
Өзіңнен ақылды адамдарды жұмысқа тартып, мақсатқа жетсең — сенің олардан да көреген екеніңнің дәлелі.
-
Жұрт "қолыңнан келмейді" деген шыңды бағындыру — өмірдің ең тәтті сәті.
-
Адам баласы дағдыдан тыс, жаңа дүниені байқап көрмейінше өсе алмайды.
-
Асқақ армандар мен биік мақсаттар бейнетсіз, қиындықсыз орындалмайды.
-
Сәттілік — мұқият дайындық пен кездейсоқ келген мүмкіндіктің тоғысқан нүктесі.
-
Нағыз шыңға шығушы нысанасына ғана қарайды. Ол төмендегі қауіпке қарап, зейінін шашыратпайды.
- Сәтсіздік — ең жаман нәрсе емес. Нағыз жеңіліс — ештеңе жасап көрмеу, тәуекел етпеу.
kalemtayeb.com сайтынан аударылды.