Жұ­ма на­ма­зы
Жұ­ма на­ма­зы
10 жыл бұрын 3025
Қайрат Жолдыбайұлы

Жұ­ма на­ма­зы – ді­ні­міз­де өте ма­ңыз­ды са­на­ла­тын, жа­ма­ғат­пен орын­да­ла­тын ап­та­лық ғи­ба­дат. Жұ­ма кү­ні­нің ежел­де ев­рей жә­не хрис­тиан­дар үшін ап­та­лық ғи­ба­дат кү­ні бол­ған­ды­ғы, кейін­нен ев­рей­лер бұл күн­нің ор­ны­на сен­бі кү­нін, хрис­тиан­дар жек­сен­бі кү­нін ап­та­лық ғи­ба­дат кү­ні ре­тін­де өз­гер­тіп қа­был­да­ға­ны жә­не Ис­лам ді­ні кел­ген­нен кейін ұмыт­ты­рыл­ған қа­сиет­ті бұл күн­нің мұ­сыл­ман­дар­ға қайта­дан ора­луы жайлы Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а..у) бы­лай дейді: «Біз – бұ­рын­ғы кі­тап бе­ріл­ген­дер­ге қа­ра­ған­да, ең соң­ғы­сы­мыз. Қия­мет­те–ең ал­ға өте­міз. Олар Аллаһ­тың өз­де­рі­не па­рыз ет­кен осы жұ­ма на­ма­зы кү­ні жайын­да қа­ра­ма-қайшыпі­кір­ге түс­ті. Аллаһ оны біз­ге көр­сет­ті. Бас­қа адам­дар бұл ту­ра­лы біз­ге ба­ғы­на­ды. Жұ­ма кү­ні­нің ер­те­ңі – яһу­дилер­ді­кі, одан кейін­гі күн – хрис­тиан­дар­ді­кі»222. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (с.а.у.) бұл күн­нің не­лік­тен жұ­ма ата­луы­ның се­бе­бін сұ­ра­ған­да, бы­лай деп жауап қат­ты: «Кү­мән­сіз, әке­ңіз Адам­ның жа­ра­ты­лы­сы сол кү­ні жи­нал­ды. Қия­мет сол кү­ні бо­ла­ды. Қайта ті­рі­лу мен адам­дар­дың есеп бе­руі үшін ұс­та­лу­ла­ры да – сол кү­ні бо­ла­ды. Жұ­ма кү­ні­нің үш са­ға­ты­ның со­ңын­да бір сәт бар. Сол сәт­те дұ­ға ет­кен­нің дұ­ға­сы қа­был бо­ла­ды»,223 – дейді.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бас­қа бір ха­дис­те «Мен дұ­ға­лар­дың қа­был бо­ла­тын са­ға­ты­ның қай уа­қыт­та еке­нін бі­лу­ші едім, бі­рақ Қа­дір тү­ні сияқ­ты бұл да ма­ған ұмыт­ты­рыл­ды», – деп жұ­ма кү­нін­де дұ­ға­лар­дың қа­был бо­ла­тын ар­найы бір сәт­тің бар еке­нін айта­ды. Мі­не, сон­дық­тан мүм­кін­ші­лік бол­са жұ­ма кү­нін то­лық­тай құ­ран оқу, на­маз оқу, тәс­бих, салауат айту сияқ­ты ғи­ба­дат­пен өт­кі­зу ке­рек. Жұ­ма кү­ні та­за­ла­нып, ме­шіт­ке ер­те­рек ба­рып, хұт­ба тың­дап, ар­ты­нан на­маз оқы­ған адам­ның ал­дың­ғы жұ­ма мен сол жұ­ма­ның ара­сын­да жа­са­ған кү­нә­ла­ры­ның ке­ші­рі­ле­ті­ні жайлы Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ха­дис­те­рін­де сүйін­ші хабар бар.

Жұ­ма кү­ні мұ­сыл­ман­дар­дың ап­та­лық айты, мейра­мы бол­ған­дық­тан бей­сен­бі кү­ні ақ­шам­нан бас­тап, зат­тық жә­не ру­ха­ни та­за­лық­қа бас­қа күн­дер­ге қа­ра­ған­да кө­бі­рек кө­ңіл бө­лу ке­рек. Зат­тық та­за­лық­тың ең ба­сын­да ғұ­сыл алу, тыр­нақ алу, та­за киім кию, хош иіс­ті әтір се­бу ке­ле­ді. Ру­ха­ни та­за­лық ре­тін­де жұ­ма­дан бұ­рын кү­нә­ла­ры­на тәубе етіп, кө­бі­рек зі­кір, салауат ай­тып, дұ­ға­ның қа­был бо­ла­тын құ­пия са­ға­ты­на ту­ра ке­лу­ді үміт етіп, кө­бі­рек дұ­ға ету­ге ты­ры­су ке­рек.

Мұ­сыл­ман­дар­дың жұ­ма на­маз­ды оқу үшін бір жер­ге жи­на­лу­ла­ры жұ­ма на­ма­зы­ның осы­лай ата­луына бір­ден-бір се­беп бол­ған. Һиж­рет­тен бұ­рын, яғ­ни, Мек­ке­де жұ­ма на­ма­зы жоқ еді. Аллаһ Ел­ші­сі «Ақа­ба» сертінен кейін Мус'аб ибн Умейрді Мә­ди­на­ға мұ­ға­лім етіп жі­бер­ді. Оған сол жер­де бе­сін уақы­тын­да екі рә­кат на­маз оқуын әмір ет­ті. Мі­не, сон­дық­тан мұ­сыл­ман­дар Әсад ибн Зу­ра­ра­ның Мә­ди­на сыр­тын­да­ғы үйіне жи­на­лып, жұ­ма на­ма­зын оқи бас­та­ды. Не­гі­зін­де жұ­ма на­ма­зы­на байла­ныс­ты аят­тың Мә­ди­на­да түс­ке­нін жә­не Аллаһ Ел­ші­сі ал­ғаш жұ­ма на­ма­зын һиж­рет ке­зін­де Са­лим ибн Ауф тайпа­сы­на тиіс­ті Ра­ну­на қойнауын­да оқы­ға­нын ой­лап қа­ра­сақ, Әсад­тың оқы­ған екі рә­кат на­ма­зы жұ­ма на­ма­зы­ның па­рыз­ды­ғы­нан бұ­рын бо­лып, оқы­ған на­маз­да­ры­ның бе­сін на­ма­зы екенін аңғаруға болады.  

Жұ­ма на­ма­зы­ның үкі­мі – па­рыз. Па­рыз­ды­ғы Құ­ран мен сүн­нет­ке сүйене­ді.

Құ­ран­нан дә­ләл: «Ей, иман ет­кен­дер! Жұ­ма кү­ні на­маз үшін азан ай­тыл­ған кез­де, де­реу Аллаһ­ты ес­ке алу­ға (на­маз­ға) ұм­ты­лың­дар жә­не сауда жа­сауды сол уа­қыт­та до­ға­рың­дар»224. Сүн­нет дә­ле­лі­не кел­сек: Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Жұ­ма аза­нын ес­ті­ген жан­дар­ға–жұ­ма на­ма­зы па­рыз225.


222 Бухари, Жұма, 1. 211.
223 Ахмед ибн Ханбәл, III, 311.
224 Жұма, 62/9.
225 Әбу Дәәуд, I. 244.

0 пікір