Жамбыл атаның батасы
Жамбыл атаның батасы
1 сағат бұрын 87

Жамбыл атам әрбір өлеңі, жыр-қиссасын бастарда Аллаға бір сиынып алатын.
Сөзімнің басы бісмілла,
Бісмілласыз іс қылма, – деп, отыратын. Жамбыл атамның батасы қандай өзі! Батасын былай, - деп беретін: 

Иә, құдайым оңдасын,
Бақ пен қызыр орнасын.
Ғайып берен, қырық шілтен,
Әрқашан болсын жолдасың.
Есіркесең елді қыл,
Жарылқасаң жанды қыл,
Тепеңдесіп келгенде,
Тең құрбының алды қыл,
Бер тілеуін, ал тұсауын,
Бір Алламыз қолдасын Әумин!

****

Иә, құдайым оңдасын,
Бақ пен қызыр орнасын.
Бала-шағаң аман боп,
Қызыр болсын жолдасың.
Оң жолына бастасын,
Жақсылығы жәрдем боп,
Көтеріп Алла тастасын.
Пәле мен жаладан,
Бір өзі Алла сақтасын.
Өсе берсін мақсатың,
Шыға берсін жақсы атың.
Көсегеңді көгертіп,
Жаманшылықтан сақтасын. Әумин!


Нағашыбек Қапалбекұлы, "Шығармалар жинағы" 3 том. Алматы, "Жамбыл" баспасы. 2020 жыл. 

 

 

0 пікір