«Халыққа рақымды бол»
«Халыққа рақымды бол»
2 ай бұрын 814
Имам Ғазали (рахимаһуллаһ)

Біліп қой! Алла Тағаланың жаратқан жаратылыстарына жаңашырлықпен қарау – Ұлы Алланың бұйрығын ұлықтау болып саналады.  

Ендеше халыққа рақымдылық танытудың жолы:

Олар сенен бір нәрсе сұраса, беруің.

Оларға шамасы келмейтін істі жүктемеуің.

Оларға білетін тілмен сөйлеуің, білмейтін тілде және түсініксіз тілде сөйлемеуің.

Олар қуанса қуанып, олар қайғырса қайғыруың. 

Бар ойың - оларға діндері мен дүниелік істерінде қалай пайдалы бола аламын және діндері мен дүниелеріне зиян тигізетін нәрселерді қалай бейтарап ете аламын, дегенде болу.

Адамдарға деген мейірімің, бірінің бетіне маса келіп құлаған сәтте, соған жүрегің шым ете қалатындай болсын.  

Шариғи тұрғыда бір мүміннің жүрегін қорғауың (яғни, көңілін түсірмеуің, жүрегін ауыртпауың) – сен үшін бірнеше рет қажылыққа барып келуіңнен және бірнеше рет Алла жолында соғысып келуіңнен сүйкімдірек болуы тиіс.

Және де дін бауырыңның абыройын өзіңнің абыройыңнан бұрын қоюың керек және өзіңнің қорлануыңды дін бауырыңның қорлануынан бұрын қоюың керек (яғни, мен қорлансам қорланайын, ол қорланбасын деуің керек).  

(Егер осындай қылыққа қол жеткізсең, ұлы жаратушының құлдарына рақымдылық танытқан боласың және үлкен сауапқа қол жеткізесің)[1]. Тауфиқ. һидаят Алладан!


[1] Имам Ғазали: «Раудатут Толибин». 41 бөлім.

0 пікір