Шошқа асырайтын баздың құрылысына қатыссам күнә мә?
Шошқа асырайтын баздың құрылысына қатыссам күнә мә?
10 жыл бұрын 4027

Әссәләмуғалейкум! Ауылда шошқа асырайтын, өсіретін баздың құрылысы жүріп жатыр. Сол шошқа асырайтын базды салуға жұмысқа тұрсам бола ма, әлде болмай ма? Жанарбек Мағзамұлы.

Уағалейкумсалам! Құрметті Жанарбек, ертеректе Ханафи ғалымы Ибн Ъабидиннің (1828-1888ж.) атақты еңбегінде: «Әл-Ханиядағы пәтуа бойынша, бір мұсылман белгілі ақыға келісіп, синагогаға  (тазалықшы, қарауыл т.б. шариғатқа теріс келмейтін бір) жұмысқа орналасуына немесе синагоганы қалпына келтіру жұмыстарын атқаруына болады. Өйткені, жеке алып қарағанда, жұмыстың өзінде күнәлі ешнәрсе жоқ»[1], - деген тұжырым келтірген.

Сондықтан айтарымыз: аталмыш жұмысқа тұруыңыздың күнәсі жоқ деген пікірдеміз. Өйткені, баз салудың өзін алып қарағанда, құрылыста тұрған еш күнә жоқ. Сіз белгілі бір ғимараттың құрылысы үшін жалданасыз. Оның үстіне ол базды басқа хайуан асырау үшін пайдалануы да мүмкін.  Ең дұрысы – Аллаға мәлім.

[1] Хашияту ибни Ъабидин – Китабул Хазр уәл Ибәхә - 9/562 бет.; Бұл Әбу Ханифаның (р.а) тұжырымы.

Абдусамат Қасым