Жаңа бір зат сатып алғанда қандай дұға айтса болады?
Жаңа бір зат сатып алғанда қандай дұға айтса болады?
7 жыл бұрын 27976

 Ассалаумағалейкум! Жаңа зат алғанда айтылатын дұға бар ма? Бар болса жіберсеңіз!   

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жаңа бір зат сатып алған кезде былай деп айтса болады:

الحمد لله على نعمه كلها ما علمنا منها وما لم نعلم

«Әлхамдулилләһи аля ниамиһи күллиһә мә алимнә минһә уә мә ләм наъләм.

Мағынасы: «Алланың барлық нығметтеріне шүкірлер болсын: біз білетін нығметтері үшін де, біз білмейтін нығметтері үшін де».

Бұнымен қатар Алла елшісі (с.а.у.) жаңа киім кигенде былай деп айтатын:

«اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ ، أَنْتَ كَسَوْتَنِيهِ ، أَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرِهِ وَخَيْرِ مَا صُنِعَ لَهُ ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّهِ وَشَرِّ مَا صُنِعَ لَهُ»

«Аллаһуммә ләкәл хамд. Әнтә кәсәутәниһи. Әс’әлүкә мин хойриһи уә хойри мә суниъа ләһ. Уә әғузу бикә мин шәрриһи уә шәрри мә суниъа ләһ».  

Мағынасы: Аллаһым, саған мадақ айтып, шүкір етемін. Оны маған Сен кигіздің. Оны мен үшін хайырлы етуіңді және не үшін жасалған болса, сол нәрсенің хайырын беруіңді сұраймын. Сондай-ақ, оның жамандығынан және не үшін жасалған болса, сол нәрсенің жамандығынан сенен пана тілеймін»[1].  

Пайғамбарымыздың бұл дұғасын әр зат алғанда айта беруге болады.Тек басындағы «әнтә кәсәутәниһи» (они маған кигізген Сен) деген жеріне, «әнтә аътойтәниһи» (оны маған берген Сен) деген абзал.


[1] Әбу дәуід: Сүнән - №4023 хадис.

Абдусамат Қасым