Бөліп төлеуге (рассрочка) сатқан көлігімнің құны қымбаттаса, келісілген бағаны арттырсам бола ма?
Бөліп төлеуге (рассрочка) сатқан көлігімнің құны қымбаттаса, келісілген бағаны арттырсам бола ма?
7 жыл бұрын 4542

Әссәләмуғале! Бір таныс жігіт маған автокөлігін бөліп төлеуге (рассрочкаға) сатуға келісіп отыр. Бірақ, білгісі келгені, тенге одан әрі құнсызданып жатса, соған сай бастапқыда келісілген бағаны арттыруына құқылы ма? Рұқсат па дінде? Дәурен.

Уағалейкумуссалам! Бұл жағдайда сауда бастапқы келісім бойынша қалады. Уақыт өте нарықтағы автокөлік құнының қымбаттағаны үшін немесе ақшаның құнсызданғаны себепті қосымша ақша талап етілмейді. Бұл ислам ғұламаларының басым көпшілігінің тұжырымы[1]. Өйткені, қағида бойынша: «қарыздар алған кездегі құнымен емес, оның берілген сәттегі мөлшерімен және берілген валюта түрінде өтеледі[2].

Бөліп төлеуді фиқһта «тақсит» дейді. Дінде мұндай сауда түріне рұқсат. Бөліп төлеуге сататын кісі тауарын нақты ақшаға сатқандағы бағасынан қымбатырақ бағаға сатуына құқылы. Тек, біріншіден - сататын заты өзінің меншігіндегі мүлкі болуы тиіс. Екіншіден - тауардың бөліп төлеуге сататын бағасы нақты келісілген болуы керек. Үшіншіден – өсімпұл (пеня) талап етілмеуі ләзім. 


[1] Доктор Хисамуддин ибн Муса,  Яс-әлунака – 4/361 бет.
[2] الديون تقضى بأمثالها لا بقيمتها; Имам Әбу Юсуфтын берген пәтуасы керісінше. Оның ойынша келісілген кездегі ақшаның мөлшері емес, құны негізге алынады (Ибн Абидин, Раддуль Мухтар – 7/55 бет). 

Абдусамат Қасым