Банкте электрик болып жұмыс атқаруға шариғат қалай қарайды?
Банкте электрик болып жұмыс атқаруға шариғат қалай қарайды?
9 жыл бұрын 7697

Менің балам банкте электрик болып істейді. Біреулер: «Банк өсім арқылы арам ақша табады, сен одан айлық аласың. Сондықтан банкте жұмыс істеуге болмайды» - дейді. Осы дұрыс па? Әрең дегенде тапқан жұмысы еді, енді не істеуі керек? 

Құрметті сұрақ сұраушы, өсімге қатысты іс-шаралармен тікелей байланысы болмағандықтан, банкте электрик маманы ретінде қызмет атқару күнә емес деуге негіз бар. Себебі, осы күнгі дін ғалымдарының біршамасы: "Атқаратын ісі өсіммен тікелей қатысы болмаса, банкте жұмыс істеу – күнә емес" - деген[1].


[1] لَعَنَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ آكِلَ الرِّبَا وَمُؤْكِلَهُ وَكَاتِبَهُ وَشَاهِدَيْهِ – «Өсім жеушіні де, жегізушіні де, (арадағы келісімді) жазғанды да, оған куәлік етушілерді де Пайғамбар (с.а.у.) лағынеттеген». (Хадис). Осы хадисте айтылғандай, тікелей өсімге қатысы бар жұмыскер ретінде банкте қызмет істеуге рұқсат жоқ. Және айта кету керек, қандай сала болмасын, банкте мүлдем жұмыс істеуге болмайды дейтіндер де жоқ емес. 

Абдусамат Қасым