Сәлеметсіздер ме! Зекетті орыс апаға берсем деген едім. Ол санала ма?
|
Зекет ақшасын орыс апаға берсем бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Көпшілік дін ғұламаларының тоқтамы бойынша, Зекет – мұсылман мұқтаж адамға беріледі. Діні бөтен кісіге зекет ақшасы берілмейді1, бірақ садақа берсе болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Зекет – мұсылман байларынан алынып, кедейлеріне беріледі»2.
1Кейбір дін ғұламалары «мұсылман еместерге де зекет ақшасын берсе болады» деген пікір айтқан. Солай деушілердің арасында Имам Зүфәр (р.а.) бар. Алайда, бұл ғұламалардың пікірі көпшілік тарапынан қолдау көрмеді.
2Имам Бұхари: «Сахих Бұхари».
Өзекті сұрақтар
■
«Анасының маңдайынан сүйген бала тозаққа түспейді» деген хадис рас хадис па?
■
Ерінді үлкейтудің Исламдағы үкімі қалай?
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?