Әссәләмуғалейкум! Келе жатқан Құрбан айт мейрамы мүбәрәк болғай! Менің сұрайын дегенім, құрбандыққа шалынатын мал піштірілген болса, құрбандыққа жарамды ма? Ерлан
|
Тарттырылған малдар құрбандыққа жарамды ма?
|
Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрбан айт мерекесі баршамызға құт-береке әкелсін! Тарттырылған (піштірілген) мал - құрбандыққа жарамды. Олай болған себебі, «сахих хадисте» ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһис сәләмнің құрбан айт күні екі мүйізі сау, түсі қараала (немесе саф ақ түс), бірақ, тарттырылған екі қошқарды құрбандыққа шалғандығы сахаба Әбу Дәрдадан (р.а.) риуаят етіледі[1].
[1] Әбу Дәуід; әл-Байһақи. Хадистің арапша нұсқасындағы «мәужү’» сөзінің түпкі мағынасы: «малдың шатындағы тамырды үзу» дегенді білдіреді.
Абдусамат Қасым
Өзекті сұрақтар
■
«Анасының маңдайынан сүйген бала тозаққа түспейді» деген хадис рас хадис па?
■
Ерінді үлкейтудің Исламдағы үкімі қалай?
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?