Сәлеметсіз бе! Мен Арафа күнгі оразаны ұйстайын деген едім. Бірақ, ұйықтап қалыппын. Таң намазы кіріп қойған екен. Енді, сәресіні ішпесе де, жалғастырып беруге бола ма? Алла разы болсын! Нұржамал.
|
Арапа күні сәресіге ұйықтап қалыппын, не істесем болады?
|
Сәлеметсіз бе! Арапа күні сәресіге ұйықтап қалған адам, еш нәр татпастан сол күнгі нәпіл оразаға ниет етіп ұстап кете беруіне болады. Сол себепті, сіздің жағдайда сәресіге тұрмасаңыз да еш нәр татпастан Арапа күнгі оразаға ниет етіп, ұстап кете берсеңіз болады. Оразаңыз саналады. Алла қабыл етсін!
Өзекті сұрақтар
■
Үйде Құран кітабы бар, бірақ оқи алмаймын. Оны мешітке өткізсем бе екен?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
КІМДЕРДІҢ ЖАНАЗАСЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ?
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?