Үнемі іс-сапармен жүрген кісінің оразасы мен намазы қалай?
Үнемі іс-сапармен жүрген кісінің оразасы мен намазы қалай?
10 жыл бұрын 3662

Ассалямуғалейкум уа рахматуллаһи уа бәракәтуһу!
 Менің сұрайын дегенім, қазір Атырауда жұмыспен жүрмін. Екі-үш айға іссапармен келгемін. Уақытым көбіне іссапармен өтеді. Әр жерде 2-3 айлап жұмыс істеймін. Өзім Алматыда тұрамын. Осы жағдайда намазды қалай оқимын? Сафар үкімі маған жүре ме? Және Оразаны қалай ұстаймын? Үнемі жолда болам 3-4 айлап алдын ала рахмет. Аллаһ разы болсын!Ассалямағалейкум! Ертай Дәуленбаев.

Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уә бәракәтуһу!

Ертай мырза, Ханафи мәзхабы  бойынша кімде кім өзінің тұрақты елді-мекенінен өзге жерде 15 (он бес) күннен көп қалуды үйғарса ол кісі жолаушы үкімінен шығып, намаздарын қысқартпай толық оқиды[1], ораза айында оразасын ұстайды. Ал, неше уақыт қалатыны белгісіз болса, онбес күннен көп уақыт қалса да жолаушы ретінде есептеле береді.

Cахаба Абдулла бин Аббас пен Абдулла бин Омар (р.а.): «Егер жолаушы кезінде бір қалаға келген болсаң және сол жерде он бес күн қалуды іштей үйғарсаң намазды толық орында. Ал қашан кететінің белгісіз болса намазыңды қысқартып оқы!», - деген[2].

Осы негізге сүйеніп айтарымыз, іссапармен барған жеріңізге он бес күннен көп уақыт тұрақтайды екенсіз. Әрі он бес күннен көп уақыт қалатындығыңыз сіз үшін белгілі. Сондықтан, діттеген жеріңізге (Атырау) жеткен сәттен бастап жолаушы үкімінен шығып, оразаңызды ұстайсыз, намаздарыңызды қысқартпай толық оқисыз.

[1] Хидая – 1/201 бет, Бабу Салатиль Мусафир.
[2] Бадруддин әл-Айни, Биная – 3/18 бет.; Мулла Алиуль Қари, Шарху Мишкатиль Масабих, «Бабу Салатис Сафар».

 

Абдусамат Қасым