Сәлеметсіздер ме? Тістің өзінен өзі қанауы оразаны бұзады ма? Алдын ала рахмет
|
Тіс қанаса, ораза бұзыла ма?
|
Сәлеметсіз бе! Тістің қанауы - оразаны бұзбайды. Бірақ, көп мөлшерде аққан қанды жұтпай, сыртқа шығарып тастап отыру керек. Көп мөлшердегі қанды жұтса, ораза бұзылады. Айттан соң қазасын өтейсіз. Аз, мөлшердегі қанның зияны жоқ. Қанның аз не көп екендігін түкірікпен салыстыра анықтауға болады. Егер, түкіріктің көп бөлігі қан боп тұрса, көп қан үкімінде. Жарымынан азы «аз қан» үкімінде.
Дегенмен, негізгі бөлімін сыртқа шығарып отырғаннан кейін де, анша-мұнша бөлігі ішке өздігінен кетіп қалып жатқандай болса, оған кешірім бар. «Бұл жағдай – өздігінен кейін қайтқан құсық тәрізді, оразаны бұзбайды» делінген кітаптарда. (Ибн Ғабидин: "Раддуль Мұхтар". 3 /368 бет).
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?
Көп оқылғандар