Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Сұрақ: егер, ауыз бекіткеннен соң тіс арасында тамақ қалып қойса, соны жұтқан жағдайда ораза бұзыла ма? Нұргүл
|
Тіс арасындағы тамақ қалдықтары жұтылса, ораза бұзыла ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
1.Тіс арасындағы тамақ қалдығы ноқаттың (горох) көлеміндей не одан үлкен болса, жұтылған жағдайда оразаны бұзады. Қаза керек. Кәффәрат керек етпейді.
2.Ноқаттан кішкенелері жұтылған жағдайда оразаны бұзбайды. Алайда, бұндай кішкене қалдықтарды ауыздан шығарып қайта жұтса, онда оразаны бұзады. Қаза керек[1].
[1] Ибн Ғабидин: Раддуль мухтар – 6/264 бет.
Өзекті сұрақтар
■
«Анасының маңдайынан сүйген бала тозаққа түспейді» деген хадис рас хадис па?
■
Ерінді үлкейтудің Исламдағы үкімі қалай?
■
Зекет берерде меншігімдегі мал мен ақшаны қосып есептеуім керек пе?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?