Ассалямуалейкум! Рамазан айынан кейін келетін Шәууәл айындағы 6 күн нәфіл оразасын ұстаудың сауабы бір жыл ораза ұстағанмен тең деп оқығам бір кітапта. Оны ораза айт мейрамы өткен соң бастап, үзбей қатарынан алты күн ұстау керек пе, әлде сол шәууәл айының басқа күндерінде де арасына күн салып ұстаса бола ма? Джазакаллаху хайран! Жадыра.
|
Шәууәл оразасы қаншалықты сауапты?
|
Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Рамазан айынан кейін келетін шәууәл айында алты күн нәпіл ораза ұстаудың сауабы - бір жылдық оразаның сауабына тең. "Сахих Муслимде" риуаят етілген хадисте Алланың Елшісі былай деген: «Кім рамазан айының оразасын ұстап, оған қосымша шәууәл айында алты күн ораза ұстайтын болса, ол бір жыл ораза ұстаған сияқты болады»[1].
Аталмыш оразаны айттың екінші күні іле-шала және үзбей ұстау – мұстахаб. Дегенмен, бөліп ұстауға да болады[2].
Алла ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін!
[1] Сахих Муслим.
[2] Даруль Ифта әл-Мысрия, Китабус Сиям – 119 бет. Кайр. 2013 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Шұлыққа мәсіх тартқан сәләфит жігітке намазда ұюға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?
■
Зүлқарнайын деген кім? Александр Македонский ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?