|
Рамазанда қан алдыру оразаны бұза ма?
|
Ораза ұстаған адамнан қан алдыру оразаны бұзбайды. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.у) аузы берік бола тұра қан алдыртатын болған. Сахих Бухариде риуаят етілген хадисте сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай дейді:«Алланың Елшісі (с.ғ.у.) аузы берік бола тұра хижама[1] жасататын»[2].
Әйтсе де, аузы берік адам қан алдыртқанда әлсіреп, ораза тұтуы қиындап кететініне көзі жететін болса, оған қан алдыру мәкрүһ болып саналады. Бұл жайында сахаба Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) бір кісі: «Сендер аузы берік кісіге қан алдыруды (хижама) құптамаушы ма едіңіздер?» – деп сұрағанда, сахаба: «Егер әлсіздік тудырған болса, біз оны құптамайтынбыз»[3] – деген екен.
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?