Кайырлы кун! Жұма күндері оразаның қазасын өтеуге бола ма? Қазақ қызы.
|
Жұма күні қаза оразаны өтеу де мәкрүһ пе?
|
Алла күндерімізді қайырлы етсін! Беделді хадисші Мұхаммед ибн Мәжә (мил. 824-886 ж.) өзінің хадистер жинағында мынадай риуаят келтіреді: Сахаба Абдулла ибн Бүсрден жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
«Сендер сенбі күні ораза ұстамаңдар, бірақ парыз етілген ораза болса, ол басқа...»[1]
Осы хадиске қарайтын болсақ, жұма немесе сенбі күндері Рамазан оразасының қазасы секілді парыз оразаларды тұту немесе белгілі бір күні ораза ұстаймын деп атаған «нәзір» секілді уәжіп оразаларды тұту - мәкрүһ емес.
[1] Ибн Мәжә – Китабус саум - №1726 хадис.
Өзекті сұрақтар
■
Баланы емізсе, ораза бұзыла ма?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?