Ережептің алғашқы күндері емес, басқа күндері ораза ұстаса қанша сауап беріледі?
Ережептің алғашқы күндері емес, басқа күндері ораза ұстаса қанша сауап беріледі?
5 ай бұрын 1609

Ережептің алғашқы күндері емес, басқа күндері ораза ұстаса қанша сауап беріледі?

Бисмилләһир рахманир рахим

Ережеп айының алғашқы үш күнінде ораза ұстауға үлгермеген мұсылман басқа күндері ораза ұстаса, әрбір ұстаған оразасы - бір айлық кіші күнәларына кәффарат болатындығы әлсіз бір хадисте айтылады. Сонда осы Ережеп айында бір күн нәпіл ораза ұстасаңыз, өткен бір ай бойғы жиналып қалған кіші күнәларыңыз төгіледі екен. Оған байланысты Имам Суютидің хадистер жинағында келтірілген риуаятта былай делінеді:

«Ережеп айының бірінші күні ораза ұстау – үш жылдық күнәларға кәффәрат (үш жылдық күнәні жуып-шаяды). Екінші күні ораза ұстау – екі жылдық, ал үшінші күні ораза ұстау – бір жылдық күнәларға кәффәрат. Одан кейін, әр күнгі ораза - бір айлық күнәларға кәффарат болады (яғни, қалған күндері ұсталған әр күнгі оразасы үшін бір айлық күнәлары кешіріліп отырады)». [Имам Суюти].