Әссәләму әлейкум, құрметі Islam.kz! Сіздерге сұрағым бар еді. Ауыз ашқаннан кейін темекі тартса болама және сол амалымызға аитылған хадис бар ма? Шеккен адамға кәффарат айтыла ма? Кеңінен түсіндірсеңіз! Аузымыз ашық кездегі шеккен темекіміз үшін қаза күн өтеледі ме? Асхад.
|
Ауыз ашқаннан кейін темекі шексе, оразаның қазасын өтей ме?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Күндіз ауыз берік кезде темекі шегу – оразаны бұзады, әріберіденсоң, шеккен адамның ішкі құмарлығын қанағаттандырушы ерекшелігіне қарап (дәәфиъән шәһәуәтиль батн), Ханафи ғалымдары «кәффарат өтеуді керек етеді» деген[1].
Ауыз ашқаннан кейін тартқан жағдайда, күндіз ұстаған оразаңыз бұзылмайды, қаза немесе кәффарат керек емес. Алайда, ауыз ашқаннан кейін болса да темекі тартқаны үшін оразаның сауабы кемуі мүмкін екендігін ескерген жөн. Өйткені темекі дінімізде тыйым салынған әрекеттерден. Оның харамдығы жөнінде бүгінде ғалымдар арасында талас жоқ.
[1] Имам Шүрунбүләли: Имдәд – 645 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?