Қағбаның суреті бар жайнамазбен намаз оқуға бола ма?
|
Қағбаның суреті бар жайнамазға намаз оқуға болмай ма?
|
Егер, ол сурет намаз оқушының көңілін аударып, ойын бөле берсе, ондай жайнамазда намаз оқу мәкруһ болмақ. Ал, күнделікті жайнамазы болғандықтан, ондағы сурет үйреншікті жағдайға айналып, көңілін бөлмейтін болса, қағбаның бейнесі салынған жайнамазда намаз оқудың еш ағаттығы жоқ. Біріншіден, қағба - жансыз зат, жансыз заттың суреті намазға кедергі емес. Екіншіден, қағбаның суреті көбіне жайнамаздың бас жағында орналасқан, құрметсіздік нышаны жоқ. Бастысы жайнамазды жайғанда қағбаның суреті аяқтың астына келіп қалмауына мән берілген жөн.
Өзекті сұрақтар
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?
■
Жатыр түтігін байлату: шариғат бұған не дейді?
■
Шаш татуажын (трихопигментация) жасатуға бола ма?