Парыз намазының үш не төрт рәкәғаттарында зам сүресін оқып қойса, сәһу сәжде жасала ма?
Парыз намазының үш не төрт рәкәғаттарында зам сүресін оқып қойса, сәһу сәжде жасала ма?
2 жыл бұрын 4671

Әссәләму ъаләйкум уә рохматуллаһи уә бәрокәтуһ! Ұстаз, егер де адам фарыз намазында 3, 4-ші ракағатта фәтихаға зәм сүре қосып қойса, сәһу сәждесін жасау керек пе? Абдунұр.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Парыз намазының үш не төрт рәкәғаттарында зам сүресін оқымау – сүннет.  Сол себепті, аталмыш рәкәғаттарда зам сүресін оқыған кісі «мәкруһ» жасаған болады. Дегенмен бұндағы мәкруһ - «тәнзиһән», яғни, жеңіл мәкруһ. Бұл дегеніміз, намазға зияны жоқ, намазы есептеледі деген сөз.

Ал енді «зам сүресін оқып қойған жағдайда сәһу сәжде жасала ма?» дегенге келер болсақ, Ханафи ғалымдары ішінен Имам Әбу Юсуфтың «сәһу сәждесін жасайды» деп тұжырымдағаны кітаптарда келтіріледі, десе де, Ханафи мәзхабында қабыл етілген пәтуа бойынша ол үшін сәһу сәждесін жасау керек емес. Өйткені, аталмыш рәкәғаттарда зам сүре оқымауы сүннет, ал намаздың сүннетіне қайшы амал еткен кісі сәһу сәжде жасамайды[1].


[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мұхтәр. 2/150 бет.

Абдусамат Қасым