Ассаламуалейкум! Парыз намазды үзуге бола ма? Қандай жағдайда болады? Гүлайым Бисенбаева
|
Парыз намазды қандай жағдайларда үзуге болады?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Оқып тұрған намазын мына жағдайларда үзуіне болады (мубах):
- Жылан, шаянды т.б. қауіп төндірер жәндікті өлтіру
- Қашып бара жатқан хайуанды ұстау
- Отарға қасқыр шапқанда
- Қайнап, тасуға әзер қалған қазанды оттан алып қою үшін
- Ең аз бір күміс дирхамның құнына тең келер қомақты ақша немесе алтын-күміс сияқты өзінің не өзгенің құнды дүниесінің жоғалуынан қауіптенгенде
- Үлкен не кіші дәрет қатты қышағанда (уақыт шығуға таяса бұзбайды)
- Діні бөтен кәпір адам келіп: маған Исламды түсіндір десе
- Толғақ қысып, босану сәті келгенде
- Баласы қатты жылап, зиян шегуінен қауіптенгенде
- Аяғы ауыр әйелдің дәл босану сәтінде уақыты кірген намазды оқымай, кейінге қалдыруына рұқсат
- Ұры-қарыдан қорыққан жолаушы кісіге намазын кешіктіріп оқуына рұқсат[1].
Мына жағдайларда оқып тұрған намазын бұзу уәжіп болады:
- Апатқа ұшыраған адам көмек сұрағанда көмек беру
- Суға түншығып жатқанды құтқару
- Өртте қалған адамды құтқару
- Бір зағип жанның шұңқырға түсіп кетуінен қауіптенгенде
- Кішкене баланың төбеден құлап кетуінен, суға ағып кетуінен, көлік астына түсіп кетуінен, т.б. қауіптенгенде
- Өртті сөндіру
- Ата-анасы көмек сұрап шақырғанда. (Көмек үшін емес, жай шақырғаны үшін парыз намазды бұзбайды. Бірақ, нәпіл намаз оқып тұрғанда ата-анасы жай шақырған жағдайда да бұзуы керек, әрине (жай шақырғанда) егер намаз оқып тұрғанын білмей шақырған болса. Ал біле тұра жай шақырса, нәпілді де бұзбауына құқылы)[2].
[1] Имам Шурунбүләли: Имдәд – 382-383 бет.
[2] Ибн Ғабидин: Роддуль Мухтәр – 4/189-191 бет.
Өзекті сұрақтар
■
Ваннаға «су толтырып» ғұсылданса, ғұсыл санала ма?
■
Құрбандыққа шалынатын ірі қара мал қанша жаста болуы керек?
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?