Намазды үйренгенше қолға кітапты ұстап, соған қарап оқуыма бола ма?
Намазды үйренгенше қолға кітапты ұстап, соған қарап оқуыма бола ма?
2 жыл бұрын 6034

Ассалаумалейкум! Сіздерден сұрайын деп едім. Намаз оқып үйренгенше қолға кітап ұстап тұрып оқуға бола ма? Еркебұлан.

Уағалейкумуссәләм, Еркебұлан! Намаз оқып үйренуге деген талпынысыңыз қуантарлық. Алла Тағала намазын үзбейтін, ықалысты құлдарынан еткей!

Сауалыңызға келер болсақ, намаздан тыс уақыттарда қолға кітап ұстап, кітаптан қарап намаз қимылдарын орындап, жаттығуыңызға болады. Ал бес уақыт намазды оқитын кезде, қолға кітапты ұстамай білгеніңізше оқуға тырысыңыз. Өйткені намазда қолға кітап алып тұру және намаз барысында беттерін ауыстыру көп қимылды тудыратындықтан, Ханафи мәзхабында намазды бұзады.

Намазды тез үйренудің бір жолы - намазды мешітке барып, жамағатпен оқу. Мүмкіндігіңізге қарай намаздарыңызды мешітке барып оқып тұрсаңыз нұр үстіне нұр болмақ, жамағатпен оқу бір шеті 27 есе сауапты, екіншіден, намаз оқып үйрену жөнінен қолайлы. 

Абдусамат Қасым