|
Намазда рүкуға барғанда зам сүрені оқуды ұмытып кетсек, не істеуге болады?
|
Ханафи мәзһабында парыз намаздарының алғашқы екі рәкәғатында «Фәтиха» сүресінен кейін қосымша сүре немесе кемінде үш қысқа аят оқу – уәжіп. Мұны ұмытқан адам намаз соңында «сәһу сәждесін» жасауы тиіс.
Егер қосымша сүрені оқымағанын рүкүғта есіне түсірсе, рүкүғтан қайта қиямға тұрып, сүрені оқиды да, қайтадан рүкүғ жасайды. Соңында сәһу сәждесін орындайды.
Ал егер сүре оқымағанын сәждеге барған кезде есіне түсірсе, қайта артқа қайтпайды, намазын жалғастыра береді. Намаз соңында сәһу сәждесін жасайды.
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?