Намаз оқып жатқанда уақыты шығып кетсе, не істеймін?
Намаз оқып жатқанда уақыты шығып кетсе, не істеймін?
10 жыл бұрын 46518

Намаз оқып жатқанда уақыты шығып кетсе, қазасын басынан оқу керек пе? Әлде жанағы оқыған қазаға жата ма?  Ұлан.

Құрметті Ұлан, Әбу Һурайрадан жеткен бір хадисте Алла елшісі (с.а.у.): «Кімде-кім бір рәкәғатқа үлгерген жағдайда, толық намазға үлгерген боп саналады», - деген[1]. Сондықтан, намаз уақыты шықпай тұрып ең кемі бір рәкағатты оқып үлгерсеңіз, ол намазды уақытында оқыған болып есептелесіз. Қалған рәкәғаттарын тәмәмдап, намазыңызды бітіресіз. Қайта қазасын өтеудің қажеті жоқ. Тіпті  «уақыты шықпай тұрып ифтитах тәкбірін алып үлгерген болса, ол намазы уақытылы оқығанға есептеледі» дейтін ғалымдарымыз бар. 

Алайда таң намазының үкімі басқа. Дәлірек айтқанда, таң намазын оқып жатып күн шығып кеткен жағдайда, намаз бұзылады. Кейіннен қазасын өтеу керек. Өйткені Пайғамбарымыз басқа бір хадисінде: "Кімде-кім, таң намазының бір рәкәғатын оқып, кейін күн шығып кетсе, таң намазын (қайта) оқысын"[2], - деген. 

[1] Имам Мәлик Муатта – Уқутус сала, 1515.
[2]әл-Хаким, әл-Мустәдрак.

Абдусамат Қасым