|
Намаз оқып жатқанда мысық келіп дәретін сындырып кетсе, намаз бұзыла ма?
|
Намаз оқып отырғанда мысық келіп үстіне дәретін сындырып кетсе, намазын бұзып, нәжіс тиген жерді жуу керек. Одан соң сол бұзған намаз түрін қайта бастап оқиды. Мысалы, парыз намазында зәрі тисе, сол парыз намазын қайта бастап оқиды. Алдыңғы оқыған сүннет намаздары есептеледі. Себебі, мысықтың зәрі нәжіс болып есептеледі. Сондықтан да, тиген зәрі алақан ойығынан көп болса, ол намазға кедергі.
Мысық жаласа не болады?
Мысықтың сілекейінің намазға зияны жоқ. Егер намаз оқып отырғанда мысық келіп жаласа, намазы бұзылмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (.с.а.у.) мысық ішкен сумен дәрет алған болатын1. Бұл мысықтың сілекейінің намазға, дәретке кедергі емес екендігін көрсетеді. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
1Әбу Дәуід: «Сүнән».
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?