Жер астында шахтада құбыланы қалай табуға болады?
Жер астында шахтада құбыланы қалай табуға болады?
2 ай бұрын 2190

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!  Жер астында шахтада құбыланы қалай табуға болады деген сұрағым бар еді. Жауап тауып берсеңіздер. Алла разы болсын! Қанағат.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Намазда құбылаға беттеу – намаздың сыртқы парыздарының бірі. Онсыз намаз саналмайды.

(Құбыла - Мекке қаласындағы қағбаның орны. Ол – Оңтүстік-Батыс Азиядағы Сауд Арабиясы елінде).  

Алайда кей жағдайларда құбыланың қай жақта екендігін анықтай алмай, дал болатын кездер кездесіп жатады. Мысалы, өзіңіз айтпақшы жер астында шахтада намаз оқитын кісіге құбыланы анықтау қиынға соғуы мүмкін, ондайда не істемек керек? 

Шахтада егер қолда компос болып, компоспен анықтай алатындай жағдайда болса, сол арқылы анықтаған дұрыс. Оған мүмкіндік болмаса, әрі қасында білетін ешкім болмаса, өзінше зерттеп-зерделеп, артынан, егер «құбыла мына жақта» деген тоқтамға келе алса, сол тоқтам жасаған тарапқа қарап оқиды. Ал, зерттеп-зерделеп, алайда ешқандай тоқтамға келе алмаса, қалаған жағына қарап оқи береді[1]. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!


[1] Ибн Ғабидин: Роддуль Мұхтар. 3/119 бет.

Абдусамат Қасым