Екі адам намаз оқып тұрғанда үшінші адам келсе, ол қай жерге тұруы керек?
Екі адам намаз оқып тұрғанда үшінші адам келсе, ол қай жерге тұруы керек?
4 жыл бұрын 8087

Ассаламуғалейкум! Бір кісі имамға ұйыған кезде, үшінші адам келіп ұйыса, сапты артқа қарай жылжып дұрыстау керек пе? Әлде алғашқы орнында тұра бере ма? Нұрмұхаммед.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Екі адам намаз оқығанда, бірі имам болып, екіншісі оның оң жағында бір қарыстай кейін тұрады, дәлірек айтқанда аяғының саусақ ұштары имамның тобығына келердей арақашықтықта тұрады. Сондай кезде үшінші адам келіп қосылатын болса, ол:

  1. Имамның сол жағына тұруына болады.
  2. Немесе имамның оң жағында тұрған адамды өзіне қарай бір қадам артқа ақырын тартуына болады. Ең абзалы осы делінген.
  3. Яки, имам сәжде жасаған жеріне дейін бір қадам ілгері жылжып, кейін келген кісінің оң жақта тұрған ұюшының жанына тұруына мүмкіндік жасайды[1].   

Осы тұрғыда, біртоп жамағаттың имамды орталарына алып, өздері оның оңы мен солына тізілулері мәкруһ саналған. Имамнан бөлек екі, үш не одан көп ұюшы болса, имамның артында сап құрғандары дұрыс.


[1] Әл-Фәтәуә әт-Тәтәрхания – 1 /455 бет.

Абдусамат Қасым