Баланың құсығы киімге тисе намазға кедергі ме?
|
Баланың құсығы нәжіс пе? Намазға кедергі ме?
|
Баланың болсын, мейлі үлкен кісінің болсын, ауыз тола құсқан құсығы нәжіс саналады, киімге немесе дененің бір жеріне алақанның ойығындай көлемде тиген болса, намазға кедергі. Құсық тиген жерді жуып барып оқу керек. Бұл айтқанымыз көп көлемде құсқан құсыққа қатысты, оны кітаптарда «ауыз толы құсық» деп мөлшерлеген. Одан аз құсқан құсық - «аз құсық» саналады, аз көлемде құсқан құсық нәжіс саналмайды, киімге тисе намазға зияны жоқ.
Өзекті сұрақтар
■
Ваннаға «су толтырып» ғұсылданса, ғұсыл санала ма?
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?
■
Жатыр түтігін байлату: шариғат бұған не дейді?