Айға немесе Марсқа барған адамның құбыласы қай жақ? Намазды қайда қарап оқиды?
Айға немесе Марсқа барған адамның құбыласы қай жақ? Намазды қайда қарап оқиды?
3 жыл бұрын 5363

Қазіргі заманда технологиялар қарқынды дамып жатыр. Ғарышқа ұшып, Ай мен Марсқа қону мүмкін болған заман. Егер мұсылман Айға, Марсқа жалпы аспан денесіне ұшып барып тұрақтап, қоныстанып, тіршілік қылды делік. Мұсылман қандайда бір аспан денесінде тұрып, намаз оқығысы келсе құбылаға қай бағытқа қарайды? Мәди Әділбекұлы.

Айдағы немесе Марстағы адамның құбыласы – жер. Алла Тағала, Құран Кәрімде: «Қайда болсаңдар да жүздеріңді Харам мешітіне қарай бұрыңдар» - деп бұйырған[1]. Меккедегі "Харам" мешіті жерде орналасқандықтан, әлдебір планетаға аяқ басқан мұсылман адам намаз оқитын кезде жүзін жер планетасына қарай бағыттауы тиіс. Алда-жалда жер планетасының қай бағытта екендігі білінбесе, өзі топшылаған жаққа беттеп оқи береді.

Намаз уақыттарын жердегідей нақты бекіту мүмкін болмаған жағдайда, Мекке қаласының намаз уақыттарына сай оқиды.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!


[1] Құран Кәрім: «Бақара» сүресі, 144 аят.  

Абдусамат Қасым