Аулаға шырша талын ексе, оның үкімі қалай? Тек әдемілік ниетінде егуге бола ма? Шыңғыс.
|
Аулаға шырша отырғызуға бола ма?
|
Үйдің ауласына шырша отырғызуға болады. Оның еш ағаттығы жоқ.
Ал, көне славян нанымында айтылғандай, шырша жамандық әкеледі немесе шырша ағашы өлім шақырады деген сияқты нанымдардың еш негізі жоқ, ойдан шығарылған нәрселер.
Сондай-ақ, жаңа жылда мұсылман адам үйіне шырша құрмағаны жөн, деп жатамыз. Бірақ, мұның шырша егуге қатысы жоқ. "Жаңа жылда шырша құруға болмайды, демек, шырша ағашын отырғызуға да болмайды" деп түсіну қате. Өйткені, екеуі екі түрлі мәселе.
Қысқаша айтқанда, үйдің ауласына шырша ағашын отырғызудың діни тұрғыда еш күнәсі жоқ. Үкімі – мубах (рұқсат).
Өзекті сұрақтар
■
«Намаз мені тастап кетті» деген сөздің негізі бар ма? Намаз адамды тастай ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?