Ұялы телефондағы Құранды дәретсіз оқуға бола ма?
Ұялы телефондағы Құранды дәретсіз оқуға бола ма?
9 жыл бұрын 56378

Электронды құралдарға (ұялы телефон, планшет, компьютер т.б.) жүктелген Құранды дәретсіз оқуға бола ма?

Компьютер, планшет не ұялы телефон секілді электронды құралдарға жүктелген Құранның нұсқасын дәретсіз ұстауға әрі оқуға болады. Өйткені, бұл жерде адам қолы Құранға емес, әйнекке тиеді.

Бірақ жүнүп, хайыз және нифас кезінде Құран жүктелген бұл құралдарды ұстауға болғанымен,  ішіндегі Құран аяттарын ашып оқуға рұқсат жоқ. 

Осы жерде кейбір адамдарда «Құран жүктелген ұялы телефонмен дәретханаға кіруге бола ма?» деген де сұрақ туындап жатады. Бұл жағдайда «кіруге болмайды деген еш тыйым жоқ», тек экран бетінде Құран аяттары ашық тұрмағанына назар аударыңыз.  

 

Абдусамат Қасым