Әссәләмуғалейкум! Тауықтың, малдардың және т.б. хайуандардың қиын тыңайтқыш ретінде қолданып, одан өскен көкөністерді жеудің еш ағаттығы жоқ па? Марат Шәдібаев
|
Тауықтың қиын тыңайтқыш ретінде қолдануға бола ма? Одан өскен көкөніс халал ма?
|
Уағалейкум әссәләм! Мәзхаб ғалымдарының басым көпшілігі хайуандардың қиын тыңайтқыш ретінде қолдануға қарсы емес. Және одан кейін өскен көкөністерді де таза деп есептейді. Неге десеңіз, топыраққа төгілген қи (навоз) жерді тоңазытып, құнарлылығын арттырғаны болмаса, өскен өсімдіктің бойына сіңбейді. Бұнымен қатар, Саъд ибн Әбу Уақас (р.а.) есімді сахаба жерді адамның қиымен тыңайтқаны да кітаптарда айтылған[1].
Осыған орай, Ханафи мәзхабында хайуандардың қиын, саңғырығын сатуға, отынға т.б. пайдалануға болады. Бірақ адамның қиы тек топырақпен арласқан күйде ғана сатылады, құр өзін сатуға болмайды[2].
[1] Әл-Мәусуғатуль Фиқһия әл-Кууетия. 25/237 бет.
[2] Раддул Мухтар – Китабул Буюғ; әл-Фәтәуәл Һиндия; Бахрур раиқ.
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?
Көп оқылғандар