Әссәләмуғалейкум! Ұстаз, анализ тапсырып жүр едім. Уретрадан (несеп шығару жолынан) мазок алдырса, ғұсыл қажет пе?
|
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
|
Уағалейкумуссәләм!
«Мазок» – медицинада ерлер мен әйелдердің несеп-жыныс жүйесінің саулығын тексеру, жасырын инфекцияларды анықтау және қабынудың бар-жоғын білу үшін алынады. Ер адамдардан мазок алу кезінде несеп жолына (уретраға) арнайы стерильді зонд енгізіледі.
Мазок алу – ғұсылды бұзбайды. Себебі мазок алу барысында шаһуатпен (ләззаттанып) мәни (ұрық) бөлінбейді. Ал ғұсылды қажет ететін жағдайлардың бірі – ләззаттанып мәнидің бөлінуі. Мазок алу барысында мұндай жағдай орын алмайды.
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?