Ғұсылсыз тамақ істеуге бола ма? Ғұсылы болмай істеген тамақ арам болады деген рас па?
Ғұсылсыз тамақ істеуге бола ма? Ғұсылы болмай істеген тамақ арам болады деген рас па?
10 ай бұрын 3469

Тамақты ғұсылсыз істесе ол тамақ арам дегенді естідім. Ол қаншалықты рас?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә!

Құрметті сауал жолдаушы, ғұсылы болмай істеген тамақ - адал, әрі таза. Тамақ істеуші кісінің ғұсылсыз болуы тамақты арам қылмайды. Мәселен, әйел затында әр ай сайын белгілі уақыт хайыз келеді. Бұл дегеніміз, қашан хайызы тоқтап, тазарғанға дейін әйел кісінің ғұсылы болмайды деген сөз. Егер ғұсылсыз істелінген тамақ арам десек, әйел кісінің хайызы тоқтағанға шейін тамақ істемеуі керек болады, бұл мүмкін емес жағдай. Сондықтан да, төл дініміз мұндай бір тыйым қоймаған. Ендеше, ғұсылы бұзылған әйел толық дәретін алып, тамағын істей берсе болады, ғұсылы болмауы істеген тамағының адалдығына нұқсан келтірмейді. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин! 

Абдусамат Қасым