Ғұсыл алғаннан кейін ауыз бен мұрынды шаюды ұмытып кеттіппін. Ғұсылды басынан алу керек пе?
Ғұсыл алғаннан кейін ауыз бен мұрынды шаюды ұмытып кеттіппін. Ғұсылды басынан алу керек пе?
4 жыл бұрын 15662

Ассаламу алейкум! Сұрағым ғұсыл жайында еді. Ғұсылда толық денеме су тигіздім, бірақ мұрынды шаюды ұмытып кетіппін. Кейін есіме түсті. Енді қайтадан ғұсылды басынан алуым қажет пе? Жай мұрнымды шая салсам бола ма? Аль-Фараби Аралбай

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Ғұсыл алып болғаннан кейін ауыз бен мұрынды шаюды ұмытқан адам, кейіннен еске түскен сәтте ауыз бен мұрнын шаюы жеткілікті. Қайтадан ғұсыл алудың қажеті жоқ. Себебі, Ханафи мәзхабында ғұсыл мен дәрет алғанда реттілікті сақтау шарт емес, сондай-ақ, жуған жерлері кеппей тұрып, келесі ағзасын жуу керек деген де шарт ретінде қарастырылмаған. Бастысы - сол екі арада ғұсыл болса, ғұсылды бұзатын, дәрет болса дәретті бұзатын жағдайдың бірі орын алмаған болуы керек.

Абдусамат Қасым