Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Әурет жерді ұстағанымыз үшін дәрет бұзыла ма? Ерлан.
Әурет жерді ұстаса, дәрет бұзыла ма?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ханафи мәзхабы бойынша, әурет жерді ұстағаны үшін дәрет бұзылмайды. Бұған қатысты Талқ ибн Әли есімді сахаба (р.а.) мынадай хадис риуат еткен:
«Біз шығып, Алла елшісіне келдік. Оған биат еттік. Және намазды онымен бірге оқыдық. (Сол арада) бір кісі Пайғамбарымызға келіп: «Уә, РасулалЛа! Намазда тұрғанда әурет жеріме қолым тисе, не болады?», - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ол үшін дәрет алу қажет емес. Шын мәнінде ол жер де сенің бір бөлігің», - деп жауап берді»[1].
[1] Ибн Әби Шәйбә: әл-Мусаннаф. «Китабут тахарат»; Әбу Дәуід; Имам Тирмизи; Нәсәи.
Көп оқылғандар
■
Діни тұрғыда банкте жұмыс істейтін туысымның үйінен ас ішуге бола ма?
■
Сенбі, жексенбі күндері шаш пен тырнақ алуға болмайды деп жатады. Қаншалықты рас?
■
Зират басына малдың бас сүйегін қоюға бола ма?
■
«Айзада» деген есім не мағына береді? Қай тілден келген?
■
Әйел адам өзі жалғыз кезде намазды дауыстап оқи ала ма?