Әссаламуалейкум! Мысыққа дем салуға бола ма? «Фаләқ», «Нәс» сүрелерін оқып мысыққа үрлесе бола ма? Ауырып қалды, тамақ жемей жатыр.
|
Мысыққа дем салуға бола ма?
|
Әлхәмдулиллә. Уассаләту уәссәләму алә Расулиллә.
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мысық - таза жанды. Оған дем салса болады. Тұмсығына үш рет үфіріп мына дұғаны оқыңыз:
وقل : لا بأس ، لا بأس ، أذهب البأس ، رب الناس ، اشف أنت الشافي ، لا يكشف الضر إلا أنت
«Лә бә’с. Лә бә’с. Әзһибиль бә’сә, Раббәннаси. Ишфи әнтәш-Шәфи. Лә йәкшифуд-дурра иллә әнт!».
Аталмыш дұғаны ардақты сахаба Абдулла ибн Мәсъуд (Алла оған разы болсын) ауырған бір құлынға оқыған екен. Құлын айығып кеткен1.
Қосымша ветеринарға апарып көрсетсеңіз де артық болмайды.
1Ибн Шәйбә: «әл-Мусаннаф».
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?