Сәлеметсіздер ме! Эко мәселесі бойынша, әйел адамға басқа айел адамның ұрығын салу дін шеңберінде қалай? Туылғанынан әйел ұрығы жоқ деп диагноз қойылды.
ЭКО мәселесі: Зайыбына бөтен әйелдің аналық жасушасын енгізу арқылы ұрықтандыруға бола ма?
|
Сәлеметсіз бе!
Шариғатта қолдан ұрықтандыру әдісі, тек некелі ерлі-зайыптылардың тұқымдық жасушаларын ұрықтандырып, оны зайыбына салғанда ғана рұқсат етіледі.
Ал өзіңіз айтқандай, бөтен әйелдің аналық жыныс жасушасын (яйцоклетка, аналық тұқым жасушасы) өз әйелінің жатырына орналастыру арқылы ұрықтандыру діни тұрғыда құп көрілмейді. Бұған байланысты Ислам Фиқһ Кеңесінде қабылданған пәтуада былай делінеді:
«Ұрықтандыру ісі - күйеуінен алынған ұрық пен зайыбы болып саналмайтын (бөтен) әйелден алынған аналық тұқым жасушасын (жұмыртқа) ұрықтандырып, кейін эмбрионды зайыбының жатырына енгізу арқылы жүзеге асса, бұл шариғатқа қайшы»1.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Абдусамат Қасым
1). Мемлекет аралық Ислам Фиқһ кеңесінің, ІІІ кезекті отырысы. «Амман», Йордания елі. 1986 жыл.