Дінде ерлі-зайыптылардың тұқымдық жасушаларын ұрықтандырғаннан кейін, оны екінші әйелінің жатырына орналастыруға рұқсат па?
Дінде ерлі-зайыптылардың тұқымдық жасушаларын ұрықтандырғаннан кейін, оны екінші әйелінің жатырына орналастыруға рұқсат па?
3 жыл бұрын 5883

Əйелі мен күйеунің тұқымдық жұмыртқаларын ұрықтандырғаннан соң азотқа тоңазытып қояды. Кейін əйелі денсаулығының нашарлығына байланысты жұмырқалықты жояр болса, оның үкімі қандай? Күйеуі тоқал алып, сол тоқалдың жатырына жаңағы жұмыртқалықты салып  тудыруға əрекет жасаса, үкімі қандай?

Бисмиллаһир рахманир рахим. Әлхамдулиллаһ. Уассаләту уәссәләму аля расулилләһ!

Халықаралық Ислам фиқһ ұйымының қабылдаған қаулысы бойынша, ерлі-зайыптылардың тұқымдық жасушаларын ұрықтандырып, оны өзге әйелдің жатырына орналастыруға жол жоқ. Мейлі, ол - екінші некелі әйелінің жатыры болса-да, үкім осы[1]. 

Және айта кету керек, ұрықтандыру процесінде бөтен біреудің тұқымдық жасушасы араласып не орны ауысып кетпейтіндігіне сенімді болған дұрыс. Ол үшін ұрықтандыру тәсіліне жүгінер кезде, сенімді, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, лаж болса, мұсылман маманды таңдаған жөн.


[1] Ислам фиқһ ұйымы. Хижри 1407 ж./ Миләди 1986 ж. (4/3) 16 қаулы. 

Абдусамат Қасым