«Бос бесікті тербетпеу» жайлы не дейсіздер? Дінде ол туралы айтылған ба?
«Бос бесікті тербетпеу» жайлы не дейсіздер? Дінде ол туралы айтылған ба?
2 жыл бұрын 4659

Сәлеметсіз бе! «Бос бесікті тербетпеу» жайлы не дейсіздер? Балаларымның бұзықтығы бар, бос бесікті тербетіп ойнайды? Гузи.

Сәлеметсіз бе!

Қазақ халқының ертеден келе жатқан ырымының бірі – «бос бесікті тербетпеу» ырымы. Бұл ырымның астарындағы мәні жайында кейбір ақпарат көздерінде: «бос бесікке ібіліс баласын жатқызады, тербеткен адам шайтанның баласын тербеткен болады» деген секілді, астарындағы мән-мағынасын бейнебір тылсым күшпен байланыстыруға тырысқан.

Әйтсе де, біздің ойымызша, аталмыш ырым қазақ халқының «жамандық шақырмау» деген нанымынан туындаған сияқты. Мәселен, бос бесікті кім тербетеді? Нәрестесін жоғалтқан, бауыр еті баласын жер қойнауына тапсырған ана қайғырып, баласын аңсап бесігін тербетеді. Міне осыдан келіп «бос бесікті тербетпе, басыңа қайғы келеді» немесе «бос бесікті тербетсең балаң шетінейді» (құдай сақтасын) деген түсініктен сондай ырым шықса керек. Анығы Құдайға аян.

Ондай ырымға негіз болар дінде ақпарат бар ма?

«Бос бесікті тербетпе» дегенге байланысты дінде мәлімет кездеспеген. Шариғи тыйым емес. 

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым