Ассәләмуғалейкум! Егер ата-ананың үйі, өзінің тұрғылықты жерінен 90 км алыста болса, намаз сапар болып оқыла ма? Рахмет. Құрметпен Қанат!
|
Ата-анамның үйіне барғанда, намазды жолаушы ретінде қысқартып оқимын ба?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Фиқһ ережесі бойынша, кісі өзінің туып-өскен жерінен кетіп, басқа елді мекенге қоныстанса және сол жерде тұрақтауды ұйғарса, оның бұрынғы туып-өскен жері «негізгі отан» (асли отан) мәртебесін жоғалтады.
Осы ережеге сай айтар болсақ: Сіздің тұрғылықты жеріңізден 90 шақырым қашықтықта орналасқан ата-анаңыздың ауылына 15 күннен аз уақытқа барған болсаңыз, жолаушы ретінде намазды қысқартып оқисыз. Аллаһу аъләм. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?
■
Жатыр түтігін байлату: шариғат бұған не дейді?
■
Шаш татуажын (трихопигментация) жасатуға бола ма?