Күйеуім зина жасайды. Оның жазасы қандай?
Күйеуім зина жасайды. Оның жазасы қандай?
6 жыл бұрын 16399

Сәлеметсіз бе! Күйеуім зина жасайды. Дінде ол жайында не айтылған? Анон.

Сәлеметсіз бе!

Ибн Һишамның (рахимаһумуллаһ) «әс-Сиратун Нәбәуия» атты кітабында келтірілген бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.у.) миғраж түні көрген-білгендерін айта келе мынадай бір қауым жайында сөз етеді:

«... Кейін мен бір еркектерді көрдім. Алдарында таза, семіз ет тұр. Ал жандарында іріңдеген шірік ет тұр. Олар алдарындағы таза, жақсы еттен емес, жандарындағы іріген іріңді еттен жеп жатыр екен. Мен: «Уә Жебірейіл, мыналар кімдер?» - деп сұрағанымда, Ол (ғалейһиссәләм): «Бұлар Алла адал еткен әйелдерін тастап, Алла харам еткен әйелдерге барғандар», - деп жауап берді» дейді Алла елшісі.[1].  

Осы риуаяттағы «Алла адал еткен әйелдер» сөзі некесіндегі адал жарын білдірсе, "Алла харам еткен әйелдер" деп, некесінде емес бөтен әйелдерді айтып тұр.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің басқа бір хадисінде былай деген:

«Зинақор еркек пен зинақор әйелдер қабірде таңдыр пеші іспетті пешке салынып, астарынан от жағылады. От алаулап астарынан жанған сайын, ішіндегілер шыңғырып, бақырады»

Демек, зинашының жазасы қабірге кіргеннен, қайта тірілу сәтіне шейін жалғаспақ. Қиямет қайым болғаннан соң да олар тозаққа тасталып, ол жерде жан түршігерлік азапты татады екен.  

Сондықтан да, ақыреттен үміті бар әрбір жан ондай күнәдан бойды аулақ ұстағаны жөн. Ал, нәпсінің жетегінде кетіп, зинаға барып қойған кісілер өз-өздерін тыйып, тәубеге келулері шарт. 


[1] Ибн Һищам: әс-Сиратун Нәбәуия. Исра уәл миғраж.

Абдусамат Қасым