Ассәләмуғалейкум! Бір қарындастың сұрағы бойынша, сауал қойып отырмын. Әкесі қайтыс болып, қырқы өткен екен. Енді сұрақ: Шариғат бойынша, қыз баласына әкесінің қырқынан кейін тұрмысқа шыға беруіне бола ма? Анон.
|
Шариғатта әкесінің қырқы өтісімен қыз тұрмысқа шыға ала ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Шариғатта әкесі қайтыс болған қыз үшін белгілі «күту» мезгілі міндеттелінбеген. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, қыз үш күннен кейін тұрмысқа шығуына ерікті. Дегенмен, тұрмысқа шығу қыздың еркіндегі іс болғандықтан, мұндай мәселелерде жергілікті әдет-ғұрыпқа қарай әрекет еткені жақсы. Сондықтан да, мұсылман қарындасқа айтарымыз: асықпай туған-туыстарымен ақылдасып барып, бір шешімге келгені жөн.
Өзекті сұрақтар
■
Ваннаға «су толтырып» ғұсылданса, ғұсыл санала ма?
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?
■
Жатыр түтігін байлату: шариғат бұған не дейді?