Заңға қарсы шыққаным күнә ма?
Заңға қарсы шыққаным күнә ма?
10 жыл бұрын 5083 rybolovu.com/

Әссәләмуғалейкум! Заң бойынша, балықты тормен аулауға болмайды. Ол үшін «айып пұл» төленеді. Сұрағым: Оған қарамастан балықты тормен аулайтын болсақ, бізге күнә жазылады ма? Мемлекеттік заңды бұзған адамға күнә бар ма?

Нышан

Уағалейкум әссәләм! Ислам дінінде халал істерде басшылыққа бағыну уәжіп. Басшылыққа бағынбағанымыз үшін күнә жазылады. Заң басшының бұйрығы болғандықтан және де оның астарында қоғам игілігі көзделгендіктен заңға бағынуымыз керек. 

Тормен аулауды тыйым салған заңның астарында да өзіндік ізгі мақсат жатыр. Атап айтсақ, балықтарды уылдырық шашар уақытта тормен аулау - келесі жылға балық санының азаюына алып келуі мүмкін. Бұның нәтижесі - балық өнімінің қымбаттауына және шет елдерден көптеп импорт жасауға алып келері сөзсіз. Тіпті, белгілі балық түрінің мүлдем жойылып кетуіне де септігін тигізуі ықтимал. Сондықтан, оның алдын алу үшін заң тұрғысынан бақылауға алынуы қажет. Ендеше, заң бойынша тормен аулауға тыйым салынған болса, тормен ауламаңыз.   

Абдусамат Қасым